Halyq Uni логотип
×

Тарифтер қымбаттады, бірақ энергетиктердің жалақысы әлі мардымсыз

Салада жалақы аз төленетінін министр де мойындап отыр

 Дәурен Ерболат 03.04.2024 | 12:40
Тарифтер қымбаттады, бірақ энергетиктердің жалақысы әлі мардымсыз
көрнекі фото: Halyq Uni

Қазақстанда коммуналдық тарифтер көтерілсе де жылу энергетикасы мамандары мардымсыз жалақы алып отыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде саладағы жас маман шамамен 180 мың теңге алады.

«Ал біліктілігі жоғары мамандар мен диспетчерлердің еңбекақысы – 350 мың теңге. Салада жалақы аз», - деді Алмасадам Сәтқалиев Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Министр елімізде коммуналдық тарифтер көтерілгеннен кейін саладағы мамандардың жалақысы көтерілгенін атап өтті.

Мысалы, олар бұрын 250 мың теңге алса, тарифтер көтерілгеннен кейін 280 мың теңге алатын болды, - деді ведомство басшысы.

Еске салайық, Ұлттық статистика бюросы ақпан айында Қазақстандағы коммуналдық тарифтердің бағасы айтарлықтай қымбаттағанын хабарлады

Серіктес жаңалықтары

Сараптама