×

Шымкентте кәсіпорын басшысы жауапқа тартылды

Мекеме 200-ден аса қызметкерге қарыз болған

 Динара Амантай 03.04.2024 | 12:23
Фото: gov.kz

Шымкентте қызметкерлердің жалақысын төлемегені үшін кәсіпорын басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала прокуратурасының талдауымен қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорт ғимараттары дирекциясы» МКҚК-нің 203 қызметкердің алдында 24 млн теңгеге жалақы бойынша қарызы анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қызметкерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді. Кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 АЕК (73 мың 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама