Halyq Uni логотип
×

Сенаттың алғашқы төрағасы Өмірбек Байгелді қайтыс болды

Қоғам қайраткері 85 жасына қараған шағында өмірден өтті

 Халық үні 03.04.2024 | 09:39
Сенаттың алғашқы төрағасы Өмірбек Байгелді қайтыс болды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді өмірден өтті. Қаралы хабарды Парламент Сенатының баспасөз қызметі жеткізді.

Өмірбек Байгелді Қазақстан Парламенті Сенатының алғашқы төрағасы болды. Ол бұл қызметті 1996-1999 жылдары атқарды.

Өмірбек Байгелді 1939 жылы Жамбыл облысының Қызыл-Октябрь ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Қызыл-Октябрь колхозында жұмысшы болып бастаған.

1990 жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан президентінің кеңесшісі болды.

Парламенті Сенатының бірінші, екінші, үшінші және төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Парламент Сенатында 16 жылдан астам қызмет атқарды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама