×

Бір апта бұрын Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге кеткен атыраулық әйел қайтыс болды

Ол Ансан қаласындағы косметика шығаратын зауытта жұмыс істеген

 Айнұр Шошаева 01.06.2022 | 10:39
Ансан қаласы, фото: shutterstock.com

Оңтүстік Кореяның Ансан қаласында жүрген Атырау қаласының тұрғыны қайтыс болды. Бұл туралы «Корея көмек» қайырымдылық қорының әкімшісі Самат Ахметов хабарлады.

53 жастағы Н.Н есімді әйел Оңтүстік Кореяға осыдан бір апта бұрын барған. Ол косметика шығаратын зауытта жұмыс істеп келген.

Казыр таңда заңгерлер қазақстандық азаматтың құжаттары және елге жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр. Әзірге Атырау қаласы тұрғынының неден қайтыс болғаны ресми айтылған жоқ. Halyq Uni тілшісі тиісті ведомствоға хабарласып, оқиғаның анық-қанығын анықтап жатыр. Жауапты органдардың ресми жауабын анықтаған соң қосымша хабарлаймыз. 

Еске салайық, сәуір айында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында пәтерден 39 жастағы Қазақстан азаматының мәйіті табылды. Батыр Оспанов табыс табу мақсатында Корея республикасына осыдан 4 жыл бұрын кеткен екен. Содан бері Қазақстанға оралмаған Батырдың денесі елге жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама