×

Қызылордада жалған хабарлама таратқан тұрғын жазаланды

Ол бұл қадамға өзінің туыстарына ренжігеннен барған

 Динара Амантай 02.04.2024 | 17:42
Фото: Halyq Uni

Полицияға жалған хабарлама берген қызылордалық қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы өзінің үйінің жанында жарылғыш зат жатқаны жөнінде полицияға хабарлаған. Аталған мекенжайда жару-техник мамандарымен тексеріс жүргізіліп, жарылғыш зат табылмады.

Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген Қызылорда қаласының 38 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында жалған хабарламаны азаматтың өз туыстарына ызаланып, мас халде жібергені белгілі болды.

Қызылорда қалалық сотының үкімімен жалған хабарлама берген азаматқа 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама