Алматылықтар тасқыннан зардап шеккендерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады
Қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады
Алматыда су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, небәрі 3 күнде алматылықтар азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. жинаған.
Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты. Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы (QAMQOR CHARITY ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.
Айта кетсек, қабылдау пункті жұмысын аптаның соңына дейін жалғастырады.
Мекенжайы: Алмалы ауданының комьюнити-орталығы, Байтұрсынов көшесі, 22к1.
Қабылдау уақыты: 10:00-ден 19:00-ге дейін.
Байланыс нөмірі: +7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40.