Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында ұзақ уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан 2 адам сотталды

Біреуінің көлігі тәркіленді

 Динара Амантай 02.04.2024 | 13:45
Ақмола облысында ұзақ уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан 2 адам сотталды
Фото: Halyq Uni

Астрахан ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өңірде ұзақ уақыт мал ұрлаумен айналысқан екі азамат ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұл адамдардың бірнеше ай бойы облыс аумағында болып, күндіз жайылымда малды бақылап, оларды түнде қораларға кіріп ұрлап жүргені анықталды. Олардың заңсыз әрекеттерінен Целиноград, Астрахан және Атбасар аудандарының 8 тұрғыны зардап шеккен.

Аудандық сот бұл азаматтарды ҚР ҚК 188-1-бабының 3-бөлігі («Мал ұрлығы») бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сонымен қатар, екі азаматтың біреуіне тиесілі «УАЗ» маркалы автокөлігі тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама