×

Павлодарда оқушыны ұрып-соққан жасөспірімдер сотталды

Сондай-ақ ата-аналарынан 3 млн теңге өндірілді

 Динара Амантай 02.04.2024 | 12:38
Фото: news.myseldon.com

Павлодарда оқушыны ұрып-соққан жасөспірімдер сотталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеше Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмаған 2 балаға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, 2023 жылғы 24 шілдеде сағат 18:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта 2 жасөспірім «Торайғыров университеті» стадионының аумағында алдын ала келісіп алып, кәмелетке толмаған В.Н. есімді баланы ұрып-соғып, тепкілеген. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтiрілді.

Жасөспірімдердің кінәсы іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, жәбірленушінің айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және т.б. дәлелденді.

Жасөспірімдер айыппен келіспей, кінәсін ішінара мойындады. Олар бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот үкімімен Д.М. және М.А.-ға кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген сот хабарламасында.

Сондай-ақ сотталушылардың заңды өкілдерінен моральдық зиянды өтеу ретінде 3 млн теңге өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама