×

Тоқаев су тасқыны болған өңірлердің біріне барады

Ел бойынша су тасқынынан 15 786 адам құтқарылды және эвакуацияланды

 Халық үні 02.04.2024 | 11:50
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Уәли сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатынын жазды.

Айта кетейік, қазірге дейін ел бойынша жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды. 

Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай күрделі.  Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Су тасқынынан 15 786 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Оның ішінде 6187 бала (Ақтөбе, Қостанай, БҚО, Ұлытау, Абай, Ақмола, Атырау, Қарағанды, СҚО, Түркістан, Алматы, Павлодар) бар.

Қазір уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала (Ақтөбе, БҚО, Ақмола, Атырау, Қостанай) бар. 

Сондай-ақ 50 елдімекен тұрғындары көлік қатынасынсыз қалды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы өзендерде су деңгейінің жоғарылауы байқалатынын мәлімдеді. Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде қар жатыр. Қажет болған жағдайда бұл өңірлерге министрліктің күштері мен құралдары қосымша тартылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама