×

Алматыда 29 адамды ұрлап, қамауда ұстаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен

 Динара Амантай 02.04.2024 | 10:50
Фото: Halyq Uni

Алматыда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды ұрлаумен және заңсыз бас бостандығынан айырумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Күдіктілер жәбірленушілерді алдап, оларға қайтарымсыз несие рәсімдеткен. Арнайы жалға алынған коттеджде қамауда ұсталған 29 адам анықталды. Оларға келтірілген шығын 200 млн теңгеден асады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесі мен жинақталған дәлелдемелер жиынтығы бойынша күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны, оны басқарып, қатысқаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық топтың барлық 7 мүшесі ұсталып, қамаққа алынды. Заттай дәлелдемелер тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама