Цифрлық активтерді техникалық талдауға арналған курсқа 50-ге жуық адам қатысты
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығы жанынан блокчейн-технологиялар және жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған «Блокчейн және ЖИ мектебі» атты бірегей білім беру платформасы іске қосылды.
Цифрлық активтерді (немесе криптоактивтерді) техникалық талдауға арналған бірінші курс Қауымдастықтың мүшесі «CaspianEx Academy» оқу орталығымен бірлесіп өткізілді және оған 50-ге жуық адам қатысты. Лицензияланған курстардың мақсаты – қатысушылардың цифрлық сауаттын арттыру.
Оқытуды аяқтаған барлық қатысушылар әрі оффлайн, әрі онлайн форматтарда сертификаттар алды. Қауымдастықтың алдағы жоспары – жаңа курстар мен шеберлік сыныптарын іске қосу, сондай-ақ консультациялар беру.
Қазақстандық блокчейн-технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының басқарма төрағасы Дәурен Қарашев қатысушылардың білім деңгейін арттыру және жалған криптокоучтердің ықпалын азайту, сондай-ақ еліміздегі криптоқылмыстар деңгейін төмендету үшін ақпараттық жұмыстың қажет екенін ерекше атап өтті.