×

Ақтөбеде студент қыз ер адамды бопсалаған

Жедел уәкілдер күдіктіні қолма-қол ақша алғаннан кейін ұстады

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2024 | 10:14
фото: Halyq Uni

Ақтөбе қалалық полиция департаменті жергілікті студентті қылмыс үстінде ұстады.

ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласы жергілікті университетінің студентіне қатысты ірі көлемде ақша бопсалау дерегін анықтады.

Студент қала тұрғынын ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін материалдарды жариялайтынын айтып қорқытқан. Жедел уәкілдер күдіктіні 25 наурызда жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында, қолма-қол ақша алғаннан кейін ұстады.

Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Ол қылмысы үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама