×

Теракт ұйымдастыруға дайындалуы мүмкін деген күдікпен Ақтау тұрғыны ұсталды – ҰҚК

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған және радикалды діни идеологияны ұстанушы

 Халық үні 01.04.2024 | 16:10
фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ақтау қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризм актісіне дайындалу күдігі бойынша жергілікті тұрғын ұсталды.

Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған және радикалды діни идеологияны ұстанушы.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салайық, биыл 22 наурызда кешке Мәскеу маңындағы «Крокус сити холл» концерт залында камуфляж киген бірнеше адам жұртқа оқ жаудырған. Салдарынан ғимаратта жарылыс болып, өрт шықты. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, терактіден 139 адам қаза тапқан, 180 адам зардап шеккен. 

Мәскеудегі оқиғадан кейін Қазақстандағы концерт залдары мен сауда орындары тексеріле бастады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама