Бишімбаев Нүкеновамен қалай танысқанын айтып берді

Айгерім Таубай

Экс-министр сотта жауап беріп жатыр

Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Астана сотында азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деген айыппен сотқа тартылған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тараптардың сұрағына жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мені (қылмыстық кодекстің) екі бап бойынша айыптап отыр. Салтанат екеуміздің қалай танысқанымыздан бастайын. Оны Instagram арқылы көрдім. Астрология деген не екені қызық болды. Оның кездесіп жүрген жігіті бар екенін көрдім. 2022 жылдың мамыр-маусымында танысым екеуінің (Салтанат Нүкенова және аты-жөні аталмаған ер адам) жақында үйленгелі жатқанын айтты. Бір жарым жылдан бері кездесіп жүргендерін жеткізді. Жазған жазбаларын оқып жүрдім. Бір рет хабарлама жаздым, көмекшісі оның ер адамдарды қабылдамайтынын айтты. Тамыздың соңында танысым тойдың болмайтынын айтты, мұны мен бойжеткенмен танысуға себеп деп қабылдадым, - деді Қуандық Бишімбаев.

Алдымен Бишімбаев Нүкенованың қабылдауына басқа қызды жіберген. Соның барысында өзі туралы айтуды сұраған. Ол уақытта Бишімбаев ұлыммен бірге Мәскеуде болған.

Танысы Нүкенованың қабылдауында болған кезде Бишімбаевтың да танысқысы келетінін айтқан. Телефон арқылы хабарласып, екеуін таныстырған.

«Қазақстанға келген соң қабылдағысы келмеді. Сосын бірден «астрологияға қызықпаймын, бірақ сіз маған ұнап қалдыңыз» деп жаздым. Танысқым келетінін айтып, кешкі асқа шақырдым. 2-3 күн жауап жазбады. Содан кейін келісіп, 5 не 6 қыркүйекте кездестік. 5 сағат бойы бір-біріміздің өміріміз туралы әңгімелестік. Сол кездесуде астрология туралы жарты сағат қана сөйлестік», - деді Қуандық Бишімбаев.

Айтуынша, келесі жолы Салтанат Нүкенова Бишімбаевты кездесуге шақырған. Кездесуде Нүкенованың құрбысы да болған.

Біз тағы да кездесеміз деп келістік, бірақ содан кейін кездесуге шақыруды қабылдамай жүрді. Бір күні жұмыс орнына барып, жарты сағат уақыт бөлуін сұрадым. «Кездесеміз бе, жоқ па» нақтылап алғым келді. Жаңа жылға дейін тоқтата тұрайық деді. Айыптау актісінде прокурор жанымызда болғандай жазған. Оның бәрі ойдан шығарылған. Салтанат Павлодарға кететінін, үзіліс алғысы келетінін айтты. Үш күннен кейін бір нөмір хабарласты. Салтанаттың құрбысы екен. Ол мені кездесуге шақырды, ер адам ретінде кеңесіңді білгім келеді деді. Жанында Салтанат бар екен, - дейді Бишімбаев.

Бишімбаевтың айтуынша, араға бірнеше күн салып Салтанат Нүкенованың хабарласып, бір мекенжайға жеткізіп салуын сұраған.

«... Менің кабинетімде кофе іштік. Кабинетімде бұрынғы қызметіме қатысты, танымал адамдармен түскен фотоларым бар. Әр елдің президенттері, бизнесмендер... «Біздің таныстықты жаңа жылдан кейінге шегерсек...» деп ұсынды. Салтанаттың не ойлап тұрғанын, мінезі қалай құбылатынын білу мүмкін емес еді. (...) Кешке хабарласып, құрбыларымен кездескелі жатқанын айтты. Бұл шамамен 30 қыркүйек еді. Қалаған жеріне жеткізіп салдым, кезесуден кейін алып кеттім. Сол күннен бастап арамызда жақын қарым-қатынас басталды. Қыз бен жігіт болып кездесе бастадық», - дейді айыпталушы.

Бишімбаев сол уақытта ажырасқанына үш жыл болғанын, отбасы құрғысы келгенін айтады. Артынша Нүкеноваға бірнеше елге бірге баруды ұсынған.

«Екеуміздің қарым-қатынасымызды әрі қарай қалай елестетесің?» деп сұрадым. Үйленгім келді. Ол да ғашық болып қалғанын айтты. Алматыға келген соң үйленуге ұсыныс жасадым, ол да қабылдады. Арамызда ешқандай келіспеушілік болған жоқ. Ата-анаммен таныстырдым, Павлодарға барып оның ата-анасымен танысамыз деп келістік. Оған адал, ашық болғым келді. Жанжал қайдан шықты? Бір-бірімізге екеуміз кездескенге дейінгі өміріміз туралы бәрін айтқанымызды қаладым. Барлық сұраққа жауап беруге дайын болдым. Неге бұған дейін екі рет ажырасқанымды, 15 жылға созылған екінші некемнің неге бұзылғанын айтып беруге дайын болдым. Дәл сондай әрекетті Салтанаттан да күттім. Осындай ашық әңгімелер болды. Содан кейін Павлодарда құдалық өтті. Алғашқы үш апта, бір ай арамызда ешқандай мәселе болмады. 14 желтоқсанда той жасадық. Содан кейін не болғанын білмеймін, Салтанат ашуланшақ болып кетті», - дейді Қуандық Бишімбаев.

Содан кейін екеуінің арасында жанжал шыға бастаған. Әңгіме барысында Нүкенова оның себебін де айтқан көрінеді.

«Кабинетіңде бір кісімен түскен фото тұр. Ол кісімен бірнеше жыл бойы жақын қарым-қатынаста болғанмын» деді. Бұл екеуміздің арамыздағы жанжалға себеп болды. «Ол – Қазақстанға белгілі бизнесмен», деді», - дейді Қуандық Бишімбаев 1 сәуірде түскен дейін өткен сот отырысында.

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Бишімбаевтан тағылған айып негізінде жауап беруді сұрады.