×

Астанада насыбай өндіретін тағы бір жасырын цех анықталды

Тәртіп сақшылары аталған заттың 105 келісін тәркіледі

 Динара Амантай 01.04.2024 | 13:13
Фото: polisia.kz

Астанада полицейлер насыбай өндірген жасырын цехты анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Наурыздың соңына дейін елордада «Насыбай» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Осы шараны өткізу барысында Байқоңыр ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы насыбай, темекі қоспасын дайындау бойынша жасырын цехты анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған заттың 105 келісін тәркіледі. Цех иесі жауапқа тартылды. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары халық арасында насыбайды тұтынудың зияны және оны сатуға тыйым салынғаны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сауда ережелерін бұзу фактілері анықталған кезде кінәлілер заңда көзделген жауапкершілікке тартылады.

Еске сала кетсек, насыбайды заңсыз сату 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама