Halyq Uni логотип
×

«Видеоның бәрін өшір», «Банкетті тоқтат»: Бишімбаев пен Байжановтың мессенджердегі екеуара әңгімесі жарияланды

Астанада экс-министрге қатысты сот процесі жалғасып жатыр

 Айгерім Таубай 01.04.2024 | 11:54
«Видеоның бәрін өшір», «Банкетті тоқтат»: Бишімбаев пен Байжановтың мессенджердегі екеуара әңгімесі жарияланды
Фото: Астана сотының баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот барысында қайғылы оқиға болған күні екі сотталушының бір-біріне жазған хабарламасы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.

9 қарашадағы диалог Байжановтың телефонын тексеру барысында алынып, қылмыстық іс материалдарына қосылған. Іс материалдарындағы хабарламаларды бір-біріне сағат 13:21-тен бастап сағат 14:35-ке дейін жазған.

Бишімбаев: Камераның бәрін өшір.Түнде түсірілгеннің бәрін өшір.

Байжанов: Жақсы.

Бишімбаев: «Гастро» бойынша бәрін өшір.

Байжанов: Жақсы, бәрін өшіремін.

Бишімбаев: Қайтып кел. Оның (Салтанаттың – ред) телефонын табу керек.

Бишімбаев: Бақытжан. Жейде көлікте.

Байжанов: Бар.

Бишімбаев: Жаңасын алып кел.

Бишімбаев: Банкеттің бәрін тоқтат.

Байжанов: (фото) Осы ма?

Бишімбаев: Иә.

Бишімбаев: «Қазақстан» ОКЗ-ға кіріп шық. Ол жерде кеше Салтанаттың пальтосы қалып кетті.

Байжанов: Жақсы.

Бишімбаев: Гардероб кіргенде сол жақта.

Бишімбаев: Телефонды өшірме.

Бишімбаев: Үйге апар.

Байжанов: Жақсы.

Айта кетейік, Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр

Серіктес жаңалықтары

Сараптама