×

Түркістан облысында жоғалған адамдар табылды

Саңырауқұлақты жинау үшін тау шатқалына шығып, адасып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 01.04.2024 | 11:39
Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

31 наурызда сағат 21:45-те Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Атбұлақ ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан «Қазығұрт» тау шатқалында күндіз саңырауқұлақ жинау үшін көтеріліп, адасып кеткен 2 адамды құтқарды.

Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа райымен міндетті түрде танысуға кеңес береді.

Дауыл туралы ескертулерге құлақ асыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар, сізде зарядталған телефон мен пауэрбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, – делінген хабарламада.

Тауда жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама