Күдіктілер мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан
Қарағанды облысында полиция қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Облыста ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы топтың 12 қылмысқа қатысы бары анықталды.
Жәбірленушілер – «Қармет» АҚ қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер және жоғары оқу орындарының студенттері.
Күдіктілер қоғамдық тәртіпті өрескел бұза отырып, қылмыс жасаған. Олар ұрып-соғумен, мүлікті тартып алып, ақша бопсалаумен айналысқан.
Жалпы топтың құрамындағы 25 адам ұсталды. Оның ішінде ең белсенді 10 адам қамауға алынды. Тінту барысында атыс және суық қару, оқ-дәрі, діни әдебиет пен ірі көлемде қаражат тәркіленді. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.