×

Атыраулық блогер прокурордың бас киімін кигені үшін сотталды

Ол әрекеті фотосуреттермен толық расталған

 Еркеғали Болатұлы 31.03.2024 | 16:14
фото: rtek24.ru

Атырауда сот 26 жастағы блогерге айыппұл салды. Оған прокурордың бас киімін заңсыз кию себеп болған. Бұл туралы «Ақ жайық» басылымы жазды.

Атырау қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты азамат Ж.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 675-бабы 1-бөлігімен («Әскери киімнің айырым белгілері және (немесе) рәміздері бар киімді заңсыз кию») әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қараған.

Сот анықтағандай, азамат Ж. 2024 жылғы 21 ақпанда Атырау қаласының №2 сот ғимаратына прокурордың арнайы қысқы бас киімін, яғни айырым белгілері мен рәміздері бар нысанды киімін заңсыз киіп келген. Ж.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, фотосуреттермен толық расталған, – делінген материалда.

Блогер сот шешімімен кінәлі деп танылды. Оның жеке басын және жасалған әкімшілік құқықбұзушылықтың сипатын ескере отырып, 18 460 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама