×

Санкт-Петербург соттары 500-ге жуық шетелдікті Ресейден күштеп шығармақ

Шетел азаматтары уақытша ұстау изоляторына орналастырылды

 Еркеғали Болатұлы 31.03.2024 | 15:25
фото: m.smi24.net

Көші-қон заңнамасын бұзған 500-ге жуық шетелдік азаматқа Ресейден кетуге қаулы шығарылды, деп хабарлады Санкт-Петербург соттарының баспасөз қызметі.

Санкт-Петербург соттары бірлескен баспасөз қызметінің жетекшісі Дарья Лебедеваның Telegram-да хабарлауынша, көші-қон заңнамасын бұзған 418 шетел азаматы Ресейден күштеп шығарылмақ.

25-29 наурыз аралығында қаламыздың аудандық соттарына РФ ӘҚБтК-нің 18.8-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істер бойынша 584 материал түсті, оның 515-ін соттар қарады, - деп жазды Дарья Лебедева.

Осылайша, сот шешімімен 418 шетелдікке ел аумағынан мәжбүрлеп шығарып жіберу жазасы қолданылып, шетел азаматтары уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Тағы 48 адам айыппұл төлеп, Ресейден өз бетімен кетуге міндеттелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама