Қарағанды облысында үш ауылды су басып кетті
Өңірде жағдайы қиын болып тұр
Қарағанды облысының аумағындағы жағдай қиын болып тұр. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
30 наурызда облыс аумағында Шет ауданында төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр. Шет ауданындағы үш елді мекенді су басқан. Су басқан үйлерден алдын ала 292 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 114 бала құтқарылды.
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі. Ешкім назардан тыс қалмайды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында мәлім етті.
Сондай-ақ, облыс аумағында шығарылымы 900 текше метрге дейін Самарқанд, Интумак су қоймаларынан су ағызылуда.
Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің болжамды көтерілуіне байланысты алдын ала 67 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 32 бала бар. Олар Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына орналастырылған. 15 үй су басу қаупі бар аймақта қалып отыр. 9 үй су астында қалды. Елді мекен тарапынан Шерубай-Нұра өзенінің арнасында ұзындығы 600 метр уақытша бөгет салу және қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
ТЖД базасында департаменттердің, басқармалардың және әкімдіктердің қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.