Halyq Uni логотип
×

БҚО-да жол апаттарынан 19 адам қаза тапты

Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының өсімі 76% болды

 Динара Амантай 30.03.2024 | 16:14
БҚО-да жол апаттарынан 19 адам қаза тапты
Фото: Halyq Uni

28-наурызында облыстық прокуратурада облыс прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Умарғалиевтің төрағалығымен ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Кеңесте 2024 жылдың өткен кезеңіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері талқыланды.

Жиынға облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың қызметкерлері қатысты.

Төрағалық етуші 2024 жылдың өткен кезеңінде 99 жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 адам қаза тауып, 139 адам жарақат алғанын атап өтті.

Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының өсімі 76% (56-дан 99-ға дейін) болды.

Жол-көлік оқиғаларының ең көп саны елді мекендерде (78), республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында (13), облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында (8) болған.

Жол-көлік оқиғасы бойынша 33 (28) сотқа дейінгі тергеп-тексеру (қайтыс болған жағдайда - 11) және 66 (28) әкімшілік іс тіркелді.

Ведомствоаралық кеңесте жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдардың тиімсіз қызметі атап өтілді.

Ведомствоаралық кеңес қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында жиынға қатысушылардың барлығына жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы жағдайды жақсартуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама