Алдын ала болжым бойынша, өрттің себебі – отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамау
Жамбыл облысында үй өртеніп, иесін күйік шалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Төле би ауылының бір қабатты 2 пәтерлі тұрғын үйдің шатыры жанып, өрт шаруашылық жапсаржайға таралған. Өрт сөндіру бөлімшелері барғанға дейін 1963 жылы туған пәтердің иесі 2-дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды.
Өрт 03:38-де 70 шаршы метр алаңда сөндірілді. Алдын ала болжым бойынша, өрттің себебі – отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын сақтамау.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.