×

Қостанай облысында жұмыс істелмесе де мердігерге 921 млн теңге аударылған

Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 30.03.2024 | 10:50
Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында прокуратура облыстық балалар ауруханасының ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдалануына қатысты тексеріс жүргізуде, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2020 жылғы 21 шілдеде «Қостанай облыстық балалар ауруханасы» КМК тапсырыс берушісі мен «Вершина» ЖШС мердігері арасында 1,2 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Қомақты қаржы ғимаратты күрделі жөндеуге бөлінуі керек болған.

Тексеріс барысында мердігер жұмысты істемесе де оған 921 млн теңге негізсіз аударылған. Жұмыстың істелгенін растайтын құжаттар болмаған, - деп жазылған Қостанай облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама