ІІМ лудомандар қандай қылмысқа жиі баратынын айтты

Дәурен Ерболат

Олар ақша үшін бәріне баруы мүмкін

Фото: Halyq Uni

Ішкі істері министрінің орынбасары Игорь Лепеха лудомандар қандай қылмысқа жиі баратынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Осы кездесуге дайындалу барысында Тергеу департаментімен нақты қылмыстық істерді қарадық. Іс материалдарынан құман ойынға тәуелді адамдардың қандай әрекетке барғанын көруге болады. ІІІМ мәліметінше, лудоманиямен ауыратын адамдар өткен жылы 300 түрлі қылмыс жасаған. 2024 жылы 16 қылмыс тіркелді. Өткен жылы 2 кісі өлтіру, 25 тонау, 80 алаяқтық, 170 ұрлық тіркелсе, биыл 16 қылмыс анықталды: бір кісі өлтіру, 3 қарақшылық шабуыл, 3 тонау, 3 алаяқтық, бір ұрлық, - деді Игорь Лепеха Мәжілісте.

Ол еліміздегі лудомания мәселесі өте күрделі екенін атап өтті.

Біз нақты қылмыстық істерді қарадық. Статистикалық деректер өте қорқынышты. Өкінішке қарай бәрі осымен бітпейді. Сомма да өте жоғары. Сондықтан мәселе өте күрделі деуге болады. Мысалы, бір азамат ұйымның 940 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген. Резонанс тудыратын жағдайлар да бар. Мысалы, адам өлтіру. Оқиға Астанада болған. Түнде әйелі ұйықтап жатқанда күйеуі оның телефонын алып, ондағы ақшаны басқа жаққа аудара бастаған. Ол оянған сәтте күйеуі оны мен апасын өлтіріп тастаған, - деді министрдің орынбасары.

ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бас директорының орынбасары Дәулет Байпейісовтің айтуынша, елімізде шамамен 442 мың адам лудомания дертіне шалдыққан. Оның 36 мыңы ғана проблема барын мойындайды.