Алматыда алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды
57 жастағы әйел азаматтарға пәтерлер мен көліктерді төмен бағамен сатып алуды ұсынған
Алматы қаласында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, Ақтау қаласының алаяқтықпен айналысқан 57 жастағы тұрғыны азаматтарға пәтерлер мен көліктерді нарықтағы құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған. Содан кейін ол жәбірленушілердің қаражатын иемденіп алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Жедел-іздестіру кезінде күдіктінің үш рет алаяқтықпен айналысқаны дәлелденді. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталған азамат қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сәйкес, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.