Абай облысында халық қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр
Облыс бойынша 244 үй су астында қалып, 2 987 адам эвакуацияланды
Абай облысында халық қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.
Қардың қарқынды еруі салдарынан Бородулиха ауданындағы егістіктерден еріген су келген. Соның кесірінен Мир көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің екі аула учаскесі су астында қалды. Төтенше жағдайлар департаменті мен «Гордорстрой» ЖШС еріген суды бұру бойынша инженерлік жұмыстарды жүргізді. Қазір жағдай қалыпша. Аула учаскелері мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Аягөз ауданының Баршатас ауылындағы Балға өзенінің көтерілуіне байланысты еріген қар суы жол төсемі арқылы жүрді. Қазір жүргізілген жұмыстардың арқасында өзендегі су деңгейі төмендеді. Аула аумақтары мен тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ.
Ақсуат ауданы Уаң ауылының бойында 500 дана қапшықты бөгеттің нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Абай облысының ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті тұрғындардың күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Барлығы 33 адам, 3 техника жұмылдырылған. Су басқан аула аумақтары мен тұрғын үйлер жоқ.
21-28 наурыз аралығында облыс бойынша барлығы 729 996 м3 су сорылды. 88 535 дана қапшық пен 10 039 тонна инертті материалдар төселді.
Облыс бойынша 244 үй су астында қалды. 2 987 адам эвакуацияланды. Оның 1 351-і – бала. Эвакуацияланғандар уақытша пунктер мен туыстарының үйіне жіберілді. Сондай-ақ 129 бас ірі қара мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды.
1 735 адам, 343 техника, 62 мотопомпа, 8 жүзу құралы жұмылдырылды.