Halyq Uni логотип
×

Таразда әпкесінің атына 3 несие рәсімдеген тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Жәбірленуші несие туралы мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан қаражат ұсталған кезде білген

 Динара Амантай 29.03.2024 | 14:47
Таразда әпкесінің атына 3 несие рәсімдеген тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: Halyq Uni

Таразда әпкесінің атына 3 несие рәсімдеген тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қалалық полицияға атында несие тұрғанын көріп, интернет-алаяқтардың құрбаны болдым деп ойлаған жергілікті тұрғын шағымданған. Арызында ол ешқандай несие алмағанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бірнеше ай ішінде әйелдің інісі өзінің телефонына әпкесінің атынан банктің мобильді қосымшасын орнатып алып, жалпы көлемі 1 млн 782 мың 480 теңге көлемінде үш рет ақшалай несие рәсімдегенін анықтады. Жәбірленуші өз атында несиелердің бар екенін мүгедектігі үшін алатын зейнетақысынан қаражат ұсталған кезде білген.

Полиция қызметкерлері алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерекке қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама