Halyq Uni логотип
×

Салтанат Нүкенованың жақындары қаралы хабарды бірінші қайдан естіді?

Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр 

 Айгерім Таубай 29.03.2024 | 12:34
Салтанат Нүкенованың жақындары қаралы хабарды бірінші қайдан естіді?
фото: марқұмның ағасы – Айтбек Амангелді

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотта қарындасының қазасы туралы қашан естігенін айтты. Оның сөзінше, 2 қазанда Нүкенова ағасының үйіне қонуға барғысы келетінін айтқан, алайда бармаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

3 қазанда көшкісі келетінін айтып, жалдап тұруға пәтер іздеп жатқанын жеткізді. Мен тұратын маңнан пәтер таптық. 5 қазанда Салтанат Қуандықпен ренжісіп қалғанын айтты. 6 қазанда менің пәтеріме келетінін айтты, бірақ келмеді. Содан кейін 8 қазанда пәтер жалдады, көмекшілері көшуге жәрдемдесті. Ол сол жерде тұрып жатты. Осыны естігін соң ата-анамыз қуанып, 13-14 қазанда келетіндерін айтты. 15 қазанда бәріміз кездестік, дүкен араладық. Кешке үйде отырып, болып жатқан жағдайларды талқыладық. Наурыздан бастап бәріміз уайымдаған едік, сол себепті көшіп кеткенде тұрған ештеңе жоқ екенін айттық, - дейді Амангелді.

Айтуынша, Нүкенова Бишімбаевтан кету себебінің нақты себебін айтпаған.

«Салтанат өзін қауіпсіздікте сезінбейтінін, ұйқысы қанбайтынын айтты. Енді Қуандықпен бірге болғысы келмейтінін жеткізді. 2023 жылы 8 рет кетіп қалды. Сол уақытта Салтанат құрбыларының үйінде немесе қонақүйде қалатын. Ең соңғы рет Салтанатты 15 қазанда көрдім. 26 қазанда анам Астанадағы мешітте түсірілген фото жіберді. Ол жерде Қуандық пен Салтанаттың екінші рет неке қидырғанын білдік», - дейді жәбірленуші.

8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні Салтанат Нүкенова ағасына түнгі он екі шамасында хабарласқан.

«Ояндым. Үйде екенімді айттым. «Қазір келемін, Қуандықтан кетемін» деп айтты. 24 минуттан кейін «келе жатырсың ба?» деп сұрадым. 2:05-те қайта хабарластым, бірақ қайтарып жіберді. Қай жерде екенін қараған кезде Гастро орталықта екенін көрдім. Түнгі екіде жанындағы ғимаратта екенін көрдім, қонақүйге тоқтаған екен деп шештім. Таңертең тұрып, «қайдасың?» Деп сұрадым. Ол уақытта ұйықтап жатыр деп ойладым. Әрі қарай жұмысқа кеттім, таңғы 7-де жіберген хабарламаны оқығанын көрдім, бірақ кейін жауап беретін шығар дедім. Үйге 4-5 шамасында келдім. Сегіз шамасында Салтанаттың құрбысы хабарласып, «шын ба?» деп сұрады. «9 қарашада Бишімбаев Салтанат Нүкенованы өлтірді» деген хабарламаны жіберді. Оқып, «жоқ, жалған» дедім. Салтанатқа хабарласа бастадым, бірақ ол көтермеді. Телефоны қай жерде екенін қарадым, Тұран көшесіндегі үйінде екенін көрсетті. Қуандық, Бақытжанға, басқа да туыстарына хабарласа бастадым, ешкім жауап бермеді», - дейді Айтбек Амангелді.

Артынша жәбірленуші полицияға хабарласып, қарындасы үшін алаңдайтынын айтқан. Сол сәтте полиция ақпаратты растаған.

«Салтанат қайтыс болды» деп көңіл айтты. Гастро орталыққа келуім керек екенін айтты. Сенген жоқпын, оператор қателескен болар дедім. Таксиде отырғанымда әкем хабарласып, «не болып жатыр?» деп сұрады. Орталыққа келгенімде Салтанаттың қайтыс болғанын айтты, - дейді Амангелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама