×

Павлодар облысында жоғалған балықшының денесі табылды

Оны құтқарушылар бір күн бойы іздеген

 Дәурен Ерболат 29.03.2024 | 10:30
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысында құтқарушылар жоғалған балықшының денесін тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

28 наурызда сағат 17:55-те Екібастұз қаласының Шідерті кентіндегі 7-8 сорғы ауданында 1951 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен. Таңғы сағат 7-де ол көлікке отырып, балық аулауға кеткен.

Балықшы байланысқа шықпағаннан кейін немересі оны іздеуге кіріскен. Кешкі сағат 17:20-да немересі балықшының көлігін тапты. Іздеу жұмысына полиция мен еріктілер қосылды.

29 наурызда Екібастұз қаласының құтқарушылары да іздестіру-құтқару жұмысын бастады. Балықшыны іздеуге 5 маман мен 1 техника жұмылдырылды.

Бүгін құтқарушылар жоғалған балықшының денесін судан тапты, – деп жазылған хабарламада.

Мамандар қазақстандықтарға ескерту жасады.

Күннің жылынуына байланысты мұзға шығу қауіпті болып тұр: су қоймаларында ойықтар пайда болады. Оларды қар басып қалғандықтан көру мүмкін емес. Сондықтан адам мұздың астына түсіп кетуі мүмкін, - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама