Ақтөбеде саяжайларға су басу қаупі төнді: адамдарды эвакуациялау басталды
Құтқару жұмысына әкімдік пен полиция қызметкерлері жұмылдырылды
Ақтөбеде саяжайларға су басу қаупі төніп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріле баталды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, ауа райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласының Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суының кіру қаупі төнді. Осыған байланысты облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалымен жоспардан тыс төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өтті. Нәтижесінде қала маңындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.
Бүгінде ТЖД, ЖАО, ПД күштерімен бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын алдын-ала эвакуациялау жалғасып жатыр. 1417 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 623 бала бар, - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбеде төтенше жағдай жарияланғаны хабарланған еді.