×

Қызылорда облысында 3 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Ер адам қамауға алынды

 Динара Амантай 28.03.2024 | 12:55
Фото: видеодан скриншот

Қызылорда облысында 3 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәләметінше, 2021 жылғы 21 ақпанда кешке Қызылорда облысында бетперде киген белгісіз адам Шымкент-Самара тасжолындағы жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, кассир мен күзетшіні қару-жарақпен қорқытып, ақша ұрлап кеткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдың қаңтарында Шиелі ауданының 25 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Оның тұрғылықты жерінен қолдан жасалған қос ұңғылы шолақ мылтық тәркіленді, – деді Қызылорда облыстық ПД криминалды полиция басқармасының бөлім бастығы Оразбек Таженов.

Ер адам қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама