×

Қостанай облысында қатты тұрмыстық қалдықтар операторлары жауапқа тартылды

Олар экологтардан өрттің 31 фактісін жасырған

 Динара Амантай 28.03.2024 | 12:32
Фото: Sputnik / Айдана Дайырова

Қостанай облысының табиғат қорғау прокурорлары қатты тұрмыстық қалдықтар операторларын жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Экологиялық заңнамаға сәйкес, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының операторлары экология департаментіне болған апаттық жағдайлар, оның ішінде қоқыстың тұтану фактілері туралы хабарлауға міндетті.

Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы операторлардың мәліметтерін төтенше жағдайлар жөніндегі органдардың деректерімен салыстыра отырып, соңғы 2 жылда полигондардың экологтардан өрттің 31 фактісін жасырғанын анықтады.

Анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижелері бойынша кінәлі операторлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және мемлекет бюджетіне 6 млн теңгеден астам айыппұл санкциялары түсті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама