Halyq Uni логотип
×

Астанада мүгедектігі бар азаматтарға айыппұлдар заңсыз салынған

Прокуратура 40 заңсыз әкімшілік материалдардың күшін жойыды

 Динара Амантай 28.03.2024 | 11:11
Астанада мүгедектігі бар азаматтарға айыппұлдар заңсыз салынған
Фото: Halyq Uni

Астанада мүгедектігі бар азаматтарға айыппұлдар заңсыз салынған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Прокуратура өкілдерінің түсіндіруі бойынша елорда әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде «Астананың тұрақ кеңістігі» ЖШС басқарушы компаниясына бере отырып, ақылы автокөлік тұрақтары үшін орындарын белгілеген. Бұл ретте мұндай тұрақтарда мүгедектерге тіркелген көліктерді тегін орналастыру көзделген.

Талдаумен анықталғандай, көлік иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту техникалық құралдардың («Күзет-М») көмегімен автоматты режимде іске асырылып, мүгедектерді көзделген жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігінен айырған.

Айта кетсек, паркоматпен жабдықталған тұрақ үшін төлеуден жалтарған кезде 3 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Нұра ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша аталған санаттағы 40 заңсыз әкімшілік материалдардың күші жойылды. Елордада тұратын мүгедектігі бар адамдарға тіркелген автокөліктерді анықтауға бағытталған жұмыс жүргізілді.

Халықтың ерекше топтарының құқығын қорғау және өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында Нұра ауданының прокуратурасы бала кезінен мүгедектерге және I, II топтағы мүгедектерге тіркелген 4 мың 636 көлікті анықтап, «Жеңілдіктер тізіліміне» енгізді. Осылайша, аталған санаттағы азаматтар тиісті жол белгілерімен белгіленген орындарда тұрақ үшін ақы төлеуден, сондай-ақ оларға автоматты режимде әкімшілік айыппұл салудан босатылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама