Су тасқыны: армия авиациясы бір түнде 140-қа жуық адамды эвакуациялады
Әуе қорғанысы күштері екінші тәулік құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр
Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан аса баланы жеткізді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жергілікті тұрғындар апаттан аман қалу үшін үйлер мен басқа да ғимараттардың төбелерін паналап жатыр.
Арқалық маңындағы апат аймағында подполковник Миршат Сағындықов пен майор Асхат Сейіловтің басшылығымен Әуе қорғанысы күштері 19132 әскери бөлімінің тікұшақ экипаждары құтқару жұмыстарын екінші тәулік бойы жүргізіп жатыр.
Көрінетін жарық бағдарларының болмауына байланысты түнде ұшу қиын. Электр қуаты барлық жерде өшірілген. Ұялы байланыс желісінің төмендігі де тапсырманы орындауды күрделендіреді. Біз бұл жағдайда адамдарды құтқарудың жалғыз жолы екенін түсініп, қолдан келгеннің бәрін істейміз, – деп түсіндірді экипаж командирі Миршат Сағындықов.
Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн.
Бұдан өзге, осы түні Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясымен Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді. Қосымша күш Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға жіберіліп отыр.