ҰҚК контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті
ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз Республикасы шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады. Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.
Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.