Halyq Uni логотип
×

Қазақ-қырғыз шекарасынан құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерін заңсыз өткізбек болған

ҰҚК контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті

 Динара Амантай 27.03.2024 | 18:00
Қазақ-қырғыз шекарасынан құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерін заңсыз өткізбек болған
Фото: ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз Республикасы шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады. Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама