×

Қазақстанда «көк» мәртебесі барларға жаңа шектеулер енгізу ұсынылды

«Жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат берілетін нысандар тізімі кеңейеді

 Халық үні 28.12.2021 | 10:32
көрнекі фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Ashyq қосымшасы арқылы «жасыл» мәртебесі бар адамдардың кіруіне рұқсат берілетін нысандар тізімі кеңейеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты.

Жандос Бүркітбаев сауда ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, спорт орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога орталықтарына, караоке, бассейн, сауналарға, моншаларға, «Қазпошта» бөлімшелеріне, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына Ashyq қосымшасымен «жасыл» статусы бар адамдардың кіруіне рұқсат беру жөнінде қосымша алдын алу іс-шараларын енгізуді ұсынды.

Ал, «көк» мәртебесі бар қазақстандықтарға сауда ойын-сауық орталықтарына, банктерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына және Қазпошта бөлімшелеріне кіруге тыйым салынуы мүмкін.

Ведомство басшысының міндетін атқарушы аталған норманы 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап енгізуді ұсынатынын айтты.

Одан бөлек, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда шамамен 9 млн адам ревакциналаудан өтуі қажет екен. Бүгінде 400 мыңнан астам адам ревакцинациядан өткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама