Halyq Uni логотип
×

Астанада 42 жастағы әйел көпірден секірмек болды (ВИДЕО)

Оған алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді

 Динара Амантай 27.03.2024 | 13:13
Астанада 42 жастағы әйел көпірден секірмек болды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Астанада патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған оқиға 23 наурызда Сарайшық көшесінің бойында болған. Полицей патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін қимақ болған әйелді аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған.

Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама