Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындаған
Ақтөбе облысында су басқан ауылдан 70-тен аса адам эвакуацияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында қардың еруі мен жауын-шашынның көп түсуіне байланысты екі аула учаскесін су басқан. Бұған қоса Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілу қаупі туындаған.
Осыған байланысты 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларға медициналық көмек қажет болмады.