Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысында аудандарды су басып жатыр

Жергілікті билік су тасқынына қарсы күреске дайын

 Дәурен Ерболат 26.03.2024 | 15:54
Ақтөбе облысында аудандарды су басып жатыр
Фото: Halyq Uni

Ақтөбе облысында 4 ауданды су басты. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров айтты, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір облыста жағдай тұрақты, мәселе менің жеке бақылауымда. 4 ауданда: Әйтеке би, Байғанин, Темір және Мұғалжар аудандарында су тасқыны тіркелді. Кеше кейбір елді мекенге еріген қар суы келді. Бірақ еш нысанға зақым келмеді. Қажет жұмыстар толық жүргізіліп жатыр, - деді Асхат Шахаров.

Оның айтуынша, оқиға орнында ТЖД, жергілікті атқарушы органның 650-ден аса қызметкері жүр.

Барлық қажет техника, күштер мен құралдар бар. Ахуал күрделенген жағдайда 3 мың адам су тасқыны салдарын жоюға кірісуге дайын, - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғынға көмек көрсетілетінін атап өтті.

Айта кетейік, кеше өңірдегі бірнеше ауылға апаратын жолды су шайып, қатынас үзілгені хабарланған еді.

Бұған дейін 10 өңірге су тасқыны қаупі төніп тұрғаны белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама