Halyq Uni логотип
×

БҚО-да құқық қорғау органдары кәсіпкердің жүктерін негізсіз ұстаған

Прокурорлар уәкілетті экономикалық оператордың құқығын қорғады

 Динара Амантай 26.03.2024 | 15:35
БҚО-да құқық қорғау органдары кәсіпкердің жүктерін негізсіз ұстаған
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан көлік прокуратурасы уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі бар кәсіпкердің жүк вагондарын уәкілетті органдардың заңсыз ұстауы фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қолданыстағы кеден заңнамасына сәйкес, заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізген кезде соңғысы тәуекелдің төмен деңгейі санатына жататынын атап өту қажет. Экономикалық тергеу саласындағы құқық қорғау органы кеден органымен бірлесіп, Өзбекстаннан Қазақстанға теміржол көлігімен келген кәсіпкердің жүктерін (кептірілген жемістерді) заңды негізсіз ұстау шараларын қабылдаған.

Атап өтетін мәселе, бұрын бұл жүк Түркістан облысындағы «Сарыағаш» кеден бекетінен ешбір заңбұзушылықсыз кедендік ресімдеуден өтіп шығарылған, яғни кедендік бақылауда болмаған.

Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұсталған тауарлар бизнес субъектісіне қайтарылды. Экономикалық тергеу мен мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне қатысты материалдар шара қолдану үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама