Салдарынан 3 адам зардап шекті
Бүгін таңертең «Алматы-Екатеринбург» автожолының 632-шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Жол көлік оқиғасы болған жерде Қарағанды облысының «Балқаш» тасжолдағы медициналық-құтқару пунктінің жедел әрекет ету бригадасы қызмет етті. Олар Астана қаласының зардап шеккен 3 тұрғынына шұғыл медициналық көмек көрсетті.
Зардап шеккен азаматтардың жағдайы орташа. Екі ересек адамды ауруханаға жатқызу қажет болмады. Ал бір ер адам Балқаш қалалық орталық ауруханасына жеткізілді.