Zhas Project жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды
Бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді
Бүгін Қазақстанның 20-ға жуық өңірінде Zhas Project жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлады Halyq Uni.
Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жобаға 18-34 жас аралығындағы NEET санатындағы жастар (уақытша жұмыспен қамтылмаған) қатыса алады.
Zhas Project жас қазақстандықтардың мүмкіндігін арттыруға бағытталған. Жобаға қатысушылар өз аймағындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған тиімді бастамаларды іске асырып, сонымен қатар көшбасшылық қабілетін де дамыта алады. Жастар әлеуметтік және кәсіби бағдарлау бойынша жаңа білім мен дағдыға ие болады. Бизнес құру және жүргізу бойынша кәсіби менторлық қолдау ала алады, - делінген баспасөз хабарламасында.
Жоба жеңімпаздарының әрқайсысына әлеуметтік бастамаларды іске асыру үшін 1 миллион теңгеге дейін шағын гранттар бөлінеді. Болашақта 280 жоба іске асырылатын болады.
Өтініштерді қабылдау 24 сәуірде сағат 23:59-ға дейін жалғасады. Әр өңір бойынша жобаны басқаратын және өтініш қабылдайтын ҮЕҰ-мен байланыс мәліметтері cisc.kz сайтында, Zhas Project бөлімшесінде көрсетілген.