×

Шымкентте скутерге мінгескен жасөспірімдер ауыр жарақат алды

Олар – 16-17 жаста

 Ая Өміртай 25.03.2024 | 14:24
фото: otyrar.kz

Оқиға кешкі уақытта Алпысбаев көшесі мен Тамерлановское тасжолының қиылысында болған, деп хабарлады Halyq Uni.

«Экстренный вызов» бағдарламасының хабарлауынша, скутер тепкен жасөспірім LADA (VAZ) 21099 көлігіне соқтығысқан.

Олар жолдағы қауіпсіздік ережелеріне өрескел немқұрайлылық танытқан. Қызыл шам жанып тұрғанын байқамаған немесе мәр бермеген (бұл кейінірек тергеуде анықталатын болады). Сонымен қатар олар өтудің қауіпсіз екеніне көз жеткізбеген, қозғалысқа нақты тыйым салынғанын көрсететін жол белгілерін елемеген, - деп жазды басылым.

Скутерге қатар мінгескен жасөспірімдердің бірі дулыға кимеген.

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлер зардап шеккен жасөспірімдерді тексеріп, ауруханаға жеткізді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар – 16-17 жаста. Екеуі де аяғынан ауыр жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама