Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Абай облысында екі адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм арнасында Семей қаласында тұрғын үй өртенгені хабарланды.
Бүгін сағат 09:55-те Семей қаласында 2 пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, содан кейін үйдің жалпы шатырына көшті.
Өрттің алдын ала ауданы 120 шаршы метр. ТЖД күшімен үйді жалға алушы 1977 жылы туған әйел және оның 2009 жылы туған қызы құтқарылып, ауруханаға жеткізілді. Сағат 10:24-те өрт оқшауланды. Сағат 10:56-да өрт өшірілді, - делінген баспасөз хабарламасында.
Өртті өшіруге ТЖД жеке құрамынан 18 адам және 3 бірлік техникасы жұмылдырылған.