×

«Алматы-Екатеринбург» автожолында көлік аударылып қалды

Салдарынан 6 адам зардап шекті

 Динара Амантай 25.03.2024 | 10:00
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше «Алматы-Екатеринбург» автожолының 794-шақырымында жеңіл автокөлік аударылып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы орнында Қарағанды облысының Медициналық апаттар орталығының «Ақшатау» ТМҚК шұғыл әрекет ету бригадасы бес ересек адамға және бір балаға шұғыл көмек көрсетті. Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын орташа ауыр дәрежелі ретінде бағалайды.

Бір ересек адамға ауруханаға жатқызудың қажеті болмады, ал қалған науқастар Шет ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама