Қарағанды облысында қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 адам жауапқа тартылды

Динара Амантай

ТЖД қызметкерлері 58 патруль жүргізді

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қарағанды облысында қауіпсіздік ережелерін бұзған 5 адам жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, 21 мен 23 наурыз аралығында Қарағанды облысының су айдындарында 598 адамды қамтыған 58 патруль жүргізілген. Сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратылды.

Рейдтік іс-шаралар барысында ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша жалпы сомасы 64 мың 610 теңгені құрайтын 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген ТЖД хабарламасында.

Департамент қызметкерлері облыстың су айдындарында балық аулау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.