Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда азаматтарды 50 миллион теңгеге алдаған «банк қызметкерлері» ұсталды

Күдіктілер жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 Динара Амантай 31.05.2022 | 16:00
Қарағандыда азаматтарды 50 миллион теңгеге алдаған «банк қызметкерлері» ұсталды
Фото: Halyq Uni

Қарағанды полицейлері бір аптаның ішінде үш қаланың тұрғындарына 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген жалған банк қызметкерлерінің екі тобын ұстады, – деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Қалалық полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда Теміртау қаласының Ескіқалалық полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған. Республика банктерінің бірінің «қызметкері» оның телефонына 13 күн бойы хабарласып, жинақ ақшасын сақтаймын деген сөзімен 11 миллион теңгеге жуық ақшаны иемденіп алған. Жәбірленуші мобильді банкинг арқылы белгісіз шотқа ақша аударған.

Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлері арнайы шаралар барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен Қарағандының 31 және 27 жастағы екі тұрғынын ұстады. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде ер адамдардан бірнеше банктің төлем карталарын тапты, бұған қоса аты-жөні белгісіз төлем картасы және басқа біреудің жеке куәлігі болды. Сонымен бірге, ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша Қарағанды қаласында да тергеу амалдары жүргізілді. Оқиға орнынан олар бірнеше төлем картасын тапты, – дейді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қарағанды облысының ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тұрақты негізде азаматтардың шоттарынан ақша жымқыруға қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізіп отыр. Осыған дейін Қарағанды облысының Полиция департаментінің қызметкерлері банктің күзет қызметімен бірлесіп, басқа банк карталарын да пайдаланып, жәбірленушінің несие ретінде берген ақшасын алып кетпек болған бір топ адамды ұстаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматтан 9 млн теңгеге жуық ақша мен түрлі банктердің жеті төлем картасы, ұялы телефондар, ақпарат тасымалдағыш (флешка) және SIM-карталар, сондай-ақ интернет-роутерлер алынды. Олардың шығыны шамамен 40 млн теңгені құрады.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, соттың санкциясымен күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Полицейлер олардың Қазақстан Республикасының аумағында осыған ұқсас басқа да алаяқтық фактілеріне қатыстылығын тексеріп жатыр, – делінген хабарламада.

Жалған банк қызметкерлері мүлкі алынып, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама