Құтқарушылар екеуінің де денесін алып шықты
22 наурызда сағат 20-33 Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, «Шандықсор» жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар келіп түскен.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі ер адамның балық аулауға Павлодардан келгені анықталды. Ал көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.
23 наурызда сағат 7:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері су қоймасынан шығарылды, – делінген ресми хабарламада.
Павлодар облысының ТЖД мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.